Все сервисы
Anyqtama
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 4 шілдедегі № 307-НҚ бұйрығы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа:
1) 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
2) 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
3) 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
4) 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
5) 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Наталия Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
6) 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
Демо – версия документа