Все сервисы
Anyqtama
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 678 бұйрығы
(2026.05.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026.18.05. № 244 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 5 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024.22.04. № 144 бұйрығымен (2024 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.18.05. № 244 бұйрығымен (2026 ж. 5 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 11-2) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026.18.05. № 244 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 5 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

Добавить в список основных источников в Google