Все сервисы
Anyqtama
Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 наурыздағы № 137 Қаулысы
Осы редакция 2016 жылғы 16 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2016 жылғы 14 наурыздағы
№ 137 қаулысымен
бекітілген
Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен
интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің
тізбесі
| Р/с № | Ақпараттық жүйе мен интернет-ресурс атауы | Электрондық ақпараттық ресурстар | Ақпараттық жүйе мен интернет-ресурс иесі |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | «Сот органдарының ақпараттық жүйесі» | жеке және заңды тұлғалар бойынша сот істері туралы | Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) |
| 2. | «Арнайы есепке алу»
| қылмыскерлерді іздеуді жүзеге асыру туралы | Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi |
| жеке және заңды тұлғалар туралы, іздеу карточкалары (шамамен жас мөлшері, жынысы, ұлты), танылмаған мәйіттер, белгісіз науқастар және балалар туралы | |||
| талап-сұраныс | |||
| мемлекеттік қызметшілерге; мемлекеттік қызметке керуге үміткер адамдарға қатысты | |||
| мемлекеттік органдарды тексеру туралы |
Редакция документа
Демо – версия документа