Все сервисы
Anyqtama
Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарының нысандарын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы № 511 Қаулысы
(2015.16.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2015 жылғы 23 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2008.18.03. № 262 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2015.16.07. № 542 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Жер учаскесіне құқығын куәландыратын құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 тамыздағы 851 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 35, 351-құжат);
2) «Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 990 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 39, 404-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Д. Ахметов |
Жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін
Акт
на право частной собственности на земельный участок
ҚР Үкіметінің 2015.16.07. № 542 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Тұрақты жер пайдалану құқығын беретін
Акт
на право постоянного землепользования
ҚР Үкіметінің 2015.16.07. № 542 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Уақытша (ұзақ мерзімге, қысқа мерзімге) өтеулі
жер пайдалану (жалға алу) құқығын беретін
Акт
на право временного возмездного (долгосрочного,
краткосрочного) землепользования (аренды)
ҚР Үкіметінің 2015.16.07. № 542 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа