Введите номер документа
Прайс-лист

Кеден органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу пункттерінде радиациялық бақылау жүргізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігінің 2004 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығы (2005.07.09. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 27 сентября 2004
Статус
Утратил силу
утратил силу с 10 октября 2011

Кеден органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу пункттерінде радиациялық бақылау жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігінің 2004 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығы

(2005.07.09. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Қаржы министрінің 2011 жылғы 11 шілдедегі № 360 Бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005.07.09. № 345 Бұйрығымен атауы өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 19-бабының 12-тармақшасына және 433-бабының 2-тармағына сәйкес, «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 сәуірдегі Заңына, «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуірдегі Заңына сәйкес Бұйырамын:

ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005.07.09. № 345 Бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Кеден органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу пункттерінде радиациялық бақылау жүргізу ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық бөлімшелерінің, кедендерінің бастықтары осы бұйрықтың орындалуын қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы. Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары А.Қ.Ержановқа жүктелсін.

6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Төрағаның

міндетін атқарушы

 

Келісілді:

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом