Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция
Старая версия сайта

«Құрамында есірткінің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшері бар, олардан есірткі мен көрсетілген заттар оңай тәсілмен алынбайтын дәрілік препараттарды бақылаудан алу қағидаларын және көрсетілген препараттардың тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 413 Қаулысы (2026.27.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
«Құрамында есірткінің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшері бар, олардан есірткі мен көрсетілген заттар оңай тәсілмен алынбайтын дәрілік препараттарды бақылаудан алу қағидаларын және көрсетілген препараттардың тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 413 Қаулысы (2026.27.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Дата:среда, 23 мая 2007
Статус:
Действующий
Дата последнего изменения:вторник, 27 октября 2026

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Медицина-корпоративный, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Құрамында есірткінің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшері бар, олардан есірткі мен көрсетілген заттар оңай тәсілмен алынбайтын дәрілік препараттарды бақылаудан алу қағидаларын және көрсетілген препараттардың тізімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 413 Қаулысы

(2026.27.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2026.13.10. № 897 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 27 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

ҚР Үкіметінің 2026.13.10. № 897 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 27 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2026.13.10. № 897 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 27 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған:

1) Құрамында есірткінің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшері бар, олардан есірткі мен көрсетілген заттар оңай тәсілмен алынбайтын дәрілік препараттарды бақылаудан алу қағидалары;

2) құрамында есірткінің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшері бар, олардан есірткі мен көрсетілген заттар оңай тәсілмен алынбайтын және Қазақстан Республикасында бақылауға жатпайтын дәрілік препараттардың тізімі бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

ҚР Үкіметінің 2026.13.10. № 897 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (2026 ж. 27 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 23 мамырдағы

№ 413 қаулысымен

бекітілген

 

 

Құрамында есірткінің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшері бар, олардан есірткі мен көрсетілген заттар оңай тәсілмен алынбайтын дәрілік препараттарды бақылаудан алу

қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Құрамында есірткінің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшері бар, олардан есірткі мен көрсетілген заттар оңай тәсілмен алынбайтын дәрілік препараттарды бақылаудан алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және құрамында есірткінің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшері бар, олардан есірткі мен көрсетілген заттар оңай тәсілмен алынбайтын дәрілік препараттарды бақылаудан алу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган (бұдан әрі - мемлекеттік орган) - дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында басшылықты, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

2) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы (бұдан әрі - сараптама ұйымы) - дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын қамтамасыз ету бойынша денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік монополия субъектісі;

3) есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрі - мемлекеттiк орган) - өзiне берiлген құзырет шегiнде есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыратын және оны жүзеге асыруды үйлестiретiн орган.

 

 

2-тарау. Дәрілік препараттарды бақылаудан алу тәртібі

 

3. Құрамында бақылауда болатын заттар бар дәрілік препараттарды бақылаудан алу өлшемшарттары:

бақылауда болатын заттардың теріс пайдалану нысанасы бола алмайтын ең аз мөлшері;

дәрілік препараттың құрамынан бақылауда болатын заттарды оңай жүзеге асырылатын тәсілдермен немесе адам денсаулығына қауіп төндіретін мөлшерде іс жүзінде бөліп алудың мүмкін болмауы.

4. Сараптама ұйымы дәрілік затты мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, оның тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу кезінде құрамында бақылауда болатын заттар бар дәрілік препараттарға сараптама жүргізу шеңберінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарын, Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитеттің баяндамалары мен нұсқаулықтарын, шетелдік реттеуші органдардың ресми ақпаратын пайдаланады, сондай-ақ ғылыми жарияланымдарға шолу жүргізеді.

5. Дәрілік препараттың құрамында бақылауға жататын заттар болған кезде сараптама ұйымы дәрілік затты мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, оның тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу кезіндегі сараптама шеңберінде:

дәрілік препараттың сапалық құрамын - халықаралық патенттелмеген атауын, химиялық атауын (белгіленуін), белсенді ингредиенттері мен қосымша заттарының құрылымдық формуласын олардың бақылауда болатын заттарға тиесілігі тұрғысынан зерделейді;

дәрілік препараттың белсенді ингредиенттері мен қосымша заттарының сандық құрамы, дозасы, концентрациясы, сондай-ақ шығарылу нысаны туралы деректерді талдайды;

теріс пайдалану қаупінің дәрежесін айқындау үшін дәрілік препараттың адам организміне фармакологиялық әсері туралы мәліметтерді талдайды;

дәрілік препараттан бақылауда болатын заттарды теріс пайдалану үшін жеткілікті мөлшерде оңай тәсілмен бөліп алу мүмкіндігін зерделейді.

6. Сараптама ұйымы сараптама жұмыстары аяқталған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде мемлекеттік органға құрамында бақылауда болатын заттар бар дәрілік препаратты құрамында есірткінің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшері бар, олардан есірткі мен көрсетілген заттар оңай тәсілмен алынбайтын және Қазақстан Республикасында бақылауға жатпайтын дәрілік препараттардың тізіміне (бұдан әрі - тізім) жатқызу туралы қорытынды береді.

7. Құрамында бақылауда болатын заттар бар дәрілік препараттарды бақылаудан алу дәрілік затты мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, оның тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу кезінде мемлекеттік органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

8. Дәрілік препараттың құрамында бақылауда болатын заттардың бар-жоғы туралы олардың «Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімін, Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестені, Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 470 қаулысында (бұдан әрі - № 470 қаулы) көзделген тізімдер мен кестелерге тиесілігі көрсетілген мәліметтер Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімінде көрсетіледі.

9. Құрамында бақылауда болатын заттар бар және одан әрі айналысы Қазақстан Республикасында бақылауға жатпайтын дәрілік препараттар тізімге саудалық атауы, әсер етуші заттары және олардың бір дозаға шаққандағы мөлшері, шығарылу нысаны, сондай-ақ № 470 қаулыда көзделген тізімдер мен кестелерге тиесілігі көрсетіле отырып енгізіледі.

 

Құрамында есірткінің, психотроптық

заттар мен прекурсорлардың

аз мөлшері бар, олардан есірткі

мен көрсетілген заттар оңай

тәсілмен алынбайтын дәрілік

препараттарды бақылаудан

алу қағидаларына

қосымша

 

 

Дәрілік препараттағы барынша жол берілетін мөлшері көрсетілген есірткінің,

 психотроптық заттар мен прекурсорлардың

тізбесі

 

Декстраметорфан:

доза бірлігіне дозаланбаған дәрілік нысандар (шәрбаттар, тамшылар және басқалары) үшін 0,2 % (2 мг/мл); 1 орамға 250 мг;

дексиропропоксифен:

доза бірлігіне дозаланған дәрілік нысандар үшін 50 мг; 1 орамға 500 мг;

доза бірлігіне дозаланбаған дәрілік нысандар (шәрбаттар, тамшылар және басқалары) үшін 0,5 % (5 мг/мл); 1 орамға 250 мг;

кодеин (немесе кодеин негізге қайта есептегендегі кодеин фосфаты):

доза бірлігіне дозаланған дәрілік нысандар үшін 10 мг; 1 орамға 200 мг;

доза бірлігіне дозаланбаған дәрілік нысандар (шәрбаттар, тамшылар және басқалары) үшін 0,5% (5 мг/мл); 1 орамға 200 мг;

фенобарбитал:

доза бірлігіне дозаланған дәрілік нысандар үшін 20 мг; 1 орамға 750 мг;

доза бірлігіне дозаланбаған дәрілік нысандар (шәрбаттар, тамшылар және басқалары) үшін 2% (20 мг/мл); 1 орамға 1000 мг;

эфедрин гидрохлориді:

доза бірлігіне дозаланған дәрілік нысандар үшін 20 мг; 1 орамға 200 мг;

доза бірлігіне дозаланбаған дәрілік нысандар (шәрбаттар, тамшылар және басқалары) үшін 0,2 % (2 мг/мл); 1 орамға 200 мг;

эфедра шөбі (эфедрин негізіне қайта есептегендегі):

доза бірлігіне дозаланған дәрілік нысандар үшін 20 мг; 1 орамға 200 мг;

доза бірлігіне дозаланбаған дәрілік нысандар (шәрбаттар, тамшылар және басқалары) үшін 0,2 % (2 мг/мл); 1 орамға 200 мг;

псевдоэфедрин гидрохлориді:

доза бірлігіне дозаланған дәрілік нысандар үшін 15 мг; 1 орамға 150 мг;

доза бірлігіне дозаланбаған дәрілік нысандар (сироптар, тамшылар және басқалары) үшін 0,6 % (6 мг/мл); 1 орамға 600 мг;

фолькодин:

доза бірлігіне дозаланған дәрілік нысандар үшін 100 мг; 1 орамға 1000 мг;

доза бірлігіне дозаланбаған дәрілік нысандар (шәрбаттар, тамшылар және басқалары) үшін 1 % (10 мг/мл); 1 орамға 1000 мг;

эрготамин тартраты:

доза бірлігіне дозаланған дәрілік нысандар үшін 1 мг; 1 орамға 10 мг;

доза бірлігіне дозаланбаған дәрілік нысандар (шәрбаттар, тамшылар және басқалары) үшін 0,05 % (0,5 мг/мл); 1 орамға 10 мг.

 

ҚР Үкіметінің 2009 ж. 3 наурыздағы № 236 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.30.11. № 1300 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.30.11. № 1297 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.19.11. № 929 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізім өзгертілді

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 23 мамырдағы

№ 413 қаулысымен

бекітілген

 

 

ҚР Үкіметінің 2026.13.10. № 897 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 27 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Құрамында есірткінің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшері бар, олардан есірткі мен көрсетілген заттар оңай тәсілмен алынбайтын және Қазақстан Республикасында бақылауға жатпайтын дәрілік препараттардың

 тізімі

 

р/с

№

Саудалық атауы

Әсер етуші заттар құрамы

Шығару

нысаны

Кесте, бөлім, реттік нөмірі

1

2

3

4

5

1.

Андипал

1 таблеткаға құрамы, мг-да:  анальгин - 250,0 мг

фенобарбитал - 20,0 мг

дибазол - 20,0 мг

папаверин гидрохлориді - 20,0 мг

№ 10 таблеткалар

III кесте

В бөлімі № 54

2.

Барбовал

1000,0 мл-ға құрамы:

этил эфирі а-бромизовалериан

қышқылы - 18,0 г

валидол - 80,0 г

фенобарбитал - 17,0 г

25 мл тамшылатқыш сау-

ыттардағы ішуге қолдануға

арналған ерітінді

III кесте

В бөлімі № 54

3.

Бронхолин сәлбен

125 г препаратқа құрамы, г-да;

глауцин гидробромиді - 0,125 г

эфедрин гидрохлориді - 0,100 г

сәлбен майы - 0,125 г

125 г сауыттағы шәрбат

IV кесте I тізбе

4.

Бронхолин сәлбен

125 мл препаратқа құрамы, г;

глауцин гидробромиді - 0,145 г

эфедрин гидрохлориді - 0,116 г

сәлбен майы - 0,145 г

125 мг сауыттағы шәрбат

IV кесте I тізбе

5.

Бронхолин сәлбен

100 мл препаратқа құрамы, мг-да:

глауцин гидробромиді - 116 мг

эфедрин гидрохлориді - 92,8 мг

сәлбен майы - 116 мг

100 мл сауыттағы шәрбат

IV кесте I тізбе

6.

Бронхолитин

125 г шәрбатқа құрамы, г-да:

глауцин гидробромиді - 0,125 г

эфедрин гидрохлориді - 0,100 г

райхан майы - 0,125 г

125 г сауыттағы шәрбат

IV кесте I тізбе

7.

Бронхоли-

тин-сәлбен

100 г препаратқа құрамы, г-да:

глауцин гидробромиді - 0,100 г

эфедрин гидрохлориді - 0,080 г

сәлбен майы - 0,125 г

125 г сауыттағы шәрбат

IV кесте I тізбе

8.

Бронхоцин

125 г препаратқа құрамы, г-да:

глауцин гидробромиді - 0,125 г

эфедрин гидрохлориді - 0,100 г

райхан майы - 0,125 г

125 г сауыттағы шәрбат

IV кесте I тізбе

9.

Валикорд

100 г препаратқа құрамы, г-да:

фенобарбитал - 2,0 г

а-бромизовалериан қышқылының

этил эфирі - 2,0 г

бұрыш жалбыз майы - 0,14 г

құлмақ майы - 0,02 г

15 мл, 25 мл ерітінді

III

кесте

В бөлімі

№ 54

10.

Валокордин

100 г препаратқа құрамы, г-да:

фенобарбитал - 2,0 г

этилбромизовалерианат - 2,0 г

бұрыш жалбыз майы - 0,14 г

құлмақ майы - 0,02 г

ішуге қолдануға

арналған 20 мл,

50 мл ерітінді

III

кесте

В бөлімі

№ 54

11.

Доктор Тайс Нова-

фигура тамшылары

100 мл препаратқа құрамы, мл-да:

көпіршікті фикус - 6,0 мл

металл алтыны - 6,0 мл

фосфор қышқылы - 6,0 мл

інжугүл - 6,0 мл

ұйқы безінің тұнбасы - 6,0 мл

қалампыр ағашы - 6,0 мл

қырықбуын қылша - 20,0 мл

сынғақ итшомырт - 2,0 мл

ақ қайың - 2,0 мл

теңіз жуасы - 2,0 мл

бастышөп ликоподиясы - 2,0 мл

кенепшөп кендірі - 2,0 мл

сауыр сүттігені - 2,0 мл

мамыр сүйелшөбі - 2,0 мл

саусақты цимицифугалар - 2,0 мл

күкірт - 2,0 мл

долана - 2,0 мл

50 мл тамшылар (гомеопа-иялық препарат)

IV кесте I тізбе

12.

Зедекс

10 мл препаратқа құрамы, г-да:

декстраметорфан гидробромиді - 0,010 г

бромгексин гидрохлориді -0,008 г

аммоний хлориді - 0,100 г

ментол - 0,005 г

100 мл (1100 мг)

шәрбат

ІІ кесте

А бөлімі

№ 43

13.

Каффетин

1 таблеткаға құрамы, мг-да:

кофеин - 50,0 мг

кодеин фосфаты - 10,0 мг

пропифеназон - 210,0 мг

парацетамол - 250,0 мг

№ 10 таблетка-лар

ІІІ кесте

А бөлімі

1-тармақ

14.

Колдрайт (жөтел мен

суық тиюге қарсы)

5 мл препаратқа құрамы, мг-да:

парацетамол - 250,0 мг

сукцинат доксиламині - 6,25 мг декстрометорфан - 10,0 мг

малеат хлорфенирамині - 2,0 мг

100 мл

сауыттағы ішуге қолдануға арналған шәрбат

ІІ кесте

А бөлімі

№ 43

15.

Колдрекс Найт

20 мл препаратқа құрамы, мг-да:

декстрометорфан - 15,0 мг

парацетамол - 1000,0 мг

прометазин - 20,0 мг

160 мл сауыттағы шәрбат

ІІ кесте

А бөлімі

№ 43

16.

Корвалдин

1000,0 мл-ға құрамы, г-да:

этилбромизовалерианат 20,0 г

фенобарбитал - 18,0 г

бұрыш жалбыз - 1,4 г

құлмақ майы - 0,2 г

25 мл сауыттағы ерітінді (тамшы-

лар)

III

кесте

В бөлімі

№ 54

17.

Корвалол

25 мл препаратқа құрамы, мг-да:

фенобарбитал - 456,5 мг

а-бромизовалериан қышқылының

этил эфирі - 500,0 мг

бұрыш жалбыз майы - 35,5 мг

25 мл, 50 мл

ерітінді

III

кесте

В бөлімі

№ 54

18.

Корвалол

1000 мл препаратқа құрамы, г-да:

фенобарбитал - 18,26 г

а-бромизовалериан қышқылының

этил эфирі - 20,0 г

бұрыш жалбыз майы - 1,42 г

натрий гидрототығы - 3,15 г

25 мл, 50 мл

ерітінді

III

кесте

В бөлімі

№ 54

19.

Корвалол

1000 мл препаратқа құрамы, г-да:

фенобарбитал - 18,26 г

а-бромизовалериан қышқылының

этил эфирі - 20,0 г

25 мл, 50 мл

ерітінді

III

кесте

В бөлімі

№ 54

20.

Корвалтаб

1 таблеткаға құрамы, мг-да:

альфа-бромизовалериан

қышқылының этил эфирі - 8,20 мг

фенобарбитал - 7,50 мг

жалбыз майы - 0,58 мг

№ 100 таблетка-лар

III

кесте

В бөлімі

№ 54

21.

Но-шпалгин

1 таблеткаға құрамы, мг-да:

парацетамол - 500,0 мг

дротаверин гидрохлориді -40,0 мг

кодеин фосфаты гемигидраты түр- індегі кодеин фосфаты - 8,0 мг

№ 12 таблетка-лар

ІІІ кесте

А бөлімі

1-тармақ

22.

Паракода-

мол

1 таблеткаға құрамы, мг-да:

парацетамол - 400,0 мг

кодеин фосфаты - 10,0 мг

№ 10x2

0,4 мг таблеткалар

ІІІ кесте

А бөлімі

1-тармақ

23.

Пенталгин-ІСN

1 таблеткаға құрамы, г-да:

анальгин - 0,3 г

парацетамол - 0,3 г

құрғақ затқа шаққандағы кофеин -

0,05 г

құрғақ затқа шаққандағы кодеин фосфаты - 0,008 г

фенобарбитал - 0,01 г

№ 12 таблеткалар

ІІІ кесте

А бөлімі

1-тармақ

III

кесте

В бөлімі

№ 54

24.

Пенталгин-П

1 таблеткаға құрамы, г-да:

анальгин - 0,3 г

парацетамол - 0,3 г

натрий кофеин бензоаты - 0,05 г,

кодеин - 0,01 г,

фенобарбитал - 0,01 г

№ 10 таблеткалар

ІІІ кесте

А бөлімі

1-тармақ

III

кесте

В бөлімі

№ 54

25.

Рекофаст Плюс

1 мл препаратқа құрамы, мг-да:

трипролидин - 0,125 мг

псевдоэфедрин - 3,0 мг

парацетамол - 25,0 мг

60 мл суспензия

IV кестеI тізбе

26.

Седальгин-Нео

1 таблеткаға құрамы, мг-да:

парацетамол - 300,0 мг

метамизол - 150,0 мг

кофеин - 50,0 мг

кодеин фосфаты - 10,0 мг

фенобарбитал - 15,0 мг

№ 10 таблеткалар

ІІІ кесте

А бөлімі

1-тармақ

III

кесте

В бөлімі

№ 54

27.

Солпадеин

1 таблеткаға құрамы, мг-да:

парацетамол - 500,0 мг

кодеин фосфаты - 8,0 мг

кофеин - 30,0 мг

№ 6, № 12

еритін

таблеткалар

ІІІ кесте

А бөлімі

1-тармақ

28.

Солпадеин

бір капсулаға құрамы, мг-да:

парацетамол - 500,0 мг

кодеин фосфаты - 8 мг

кофеин - 30,0 мг

№ 12 кап-

сулалар

ІІІ кесте

А бөлімі

1-тармақ

29.

Теофедрин Н

1 таблеткаға құрамы, мг-да:

теофеллин - 100,0 мг

кофеин - 50,0 мг

парацетамол - 200,0 мг

фенобарбитал - 20,0 мг

эфедрин гидрохлориді - 20,0 мг

итжидек қою сығындысы - 4,0 мг

цитизин - 0,1 мг

таблеткалар № 10

III

кесте

В бөлімі

№ 54

IV кестеI тізбе

30.

Тетралгин

бір таблеткаға құрамы, г-да:

анальгин - 0,3 г

натрий кофеин-бензоаты - 0,05 г

кодеин - 0,01 г

фенобарбитал - 0,01 г

№ 10 таблеткалар

III

кесте

В бөлімі

№ 54

31.

Туссин Плюс

5 мл препаратқа құрамы, мг-да:

декстрометорфан - 10,0 мг

гвайнезин - 100,0 мг

дозалан-

ған шәш-

кесімен

ішуге

қолдануға арналған 118 мл

сауыттардағы шәрбат

II кестеА бөлімі

№ 43

32.

Хайдриллин- ДМ

5 мл шәрбатқа құрамы, мг-да:

декстраметорфан гидробромиді -

6,25 мг

дифенгидрамин гидрохлориді -

5,0 мг

60 мл, 120 мл

шәрбат

II кестеА бөлімі

№ 43

33

Юниспаз

1 таблеткаға құрамы, мг-да:

парацетамол - 500 мг

дротаверин гидрохлориді - 40 мг

кодеин фосфаты - 8 мг

 

№ 12 таблеткалар

III кесте

А бөлімі

1-тармақ

34.

Антиспазм

1 таблеткаға құрамы, мг-да:

парацетамол - 300 мг

дротаверин

гидрохлорид - 40 мг

кодеин — 8 мг

№ 20 таблеткалар

III кесте

А бөлімі

1-тармақ

35.

Беллатаминал

1 таблеткаға құрамы, г-да:

итжидек алкалоидтар қосындысы - 0,0001 г

фенобарбитал - 0,02 г

эрготаминтартраты - 0,0003 г

№ 10 таблеткалар

III кесте

В бөлімі

№ 54

IV кесте

1-тізбе

36.

Гликодин

5 мл препаратқа құрамы, мг:

декстраметорфан гидробромиді - 10 мг

левоментол - 3,975 мг

терпингидрат - 10 мг

50 мл, 100 мл сауыттағы шәрбат

II кесте

А бөлімі

№ 43

(ескертпе)

37.

Коделак(R) фито

120 г препаратқа құрамы, г-да:

кодеин фосфат - 0,09 г

жалаңаш мия тамырларының қою сығындысы - 4 г

термопсистің қою сығындысы - 0,2 г

сұйық тасшөптің сығындысы - 20 г

100 мл сауыттағы шәрбат

ІІІ кесте

А бөлімі

1-тармақ

38.

Корвалин-РТ

100 мл препаратқа құрамы, г-да:

бұрыш жалбыз майы - 0,142 г

фенобарбитал - 1,826 г а-бромизовалериан қышқылының

этил эфирі - 2 г

Ішуге арналған тамшылар 20 мл, 25 мл

III кесте

В бөлімі

№ 54

39.

Корватаблет

1 таблеткаға құрамы, мг-да:

фенобарбитал - 7,5 мг а-бромизовалериан қышқылының

этил эфирі - 8,2 мг

№ 10,

№ 20,

№ 100 таблеткалар

III кесте

В бөлімі

№ 54

40.

Сантопералгин

1 таблеткаға құрамы, мг-да:

кодеин - 8 мг

кофеин - 50 мг

натрий метамизолы - 300 мг

парацетамол - 300 мг

фенобарбитал - 10 мг

№ 10 таблеткалар

III кесте

А бөлімі

1-тармақ

III кесте

В бөлімі

№ 54

41.

Сантотитралгин

1 таблеткаға құрамы, мг-да:

кодеин - 8 мг

кофеин - 50 мг

натрий метамизолы - 300 мг

фенобарбитал - 10 мг

№ 10 таблеткалар

III Кесте

A бөлімі

1-тармақ

III кесте

В бөлімі

№ 54

42.

Бронхотон

125 г препаратқа құрамы, г-да: глауцин гидробромиді - 0,125 г эфедрин гидрохлориді - 0,100 г кәдімгі базилик майы - 0,125 г

125 г сауыттағы шәрбат

IV кесте

І тізбе

43.

Бронхобрю

1 мл препаратқа құрамы, мг-да: эфедрин гидрохлориді - 1 мг

натрий дибунаты - 1 мг

натрий камфосульфонаты - 1 мг

125 мл сауыттағы шәрбат

IV кесте

І тізбе

44.

Валордин

100 мл препаратқа құрамы, г-да:

-бромизовалериан қышқылының этил эфирі - 2,00 г фенобарбитал - 2,00 г

Ішуге қолдануға арналған тамшылар 25 мл, 50 мл

III кесте

В бөлімі

№ 54

45.

Терасил-Дтм

100 мл препаратқа құрамы, мг-да:

декстраметорфан гидробромиді - 10,0 мг фенилэфрин гидрохлориді - 5,0 мг хлорфенирамин малеаты - 2,0 мг

ментол - 1,0 мг

Сауыттағы шәрбат 100 мл

II кесте

А бөлімі № 43

46.

Корвалол®

1 таблеткаға құрамы, мг-да:

-бромизовалериан қышқылының этил эфирі - 12,42 мг фенобарбитал - 11,34 мг жалбыз майы - 0,88 мг

№ 10, № 30, № 50 таблеткалар

III кесте

В бөлімі

№ 54

 

 

 

 

 

 

Добавить в список основных источников в Google

Добавление закладки

Выберите папку, куда хотите сохранить, нажав на неё:

Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!