Все сервисы
Sauda
Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 Қаулысы
(2026.16.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023.22.12. № 93 Қаулысымен (2024 ж. 9 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.28.12. № 96 Қаулысымен (2024 ж. 16 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.06.02. № 10 Қаулысымен (2024 ж. 19 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.16.10. № 67 Қаулысымен (2025 ж. 11 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.30.10. № 155 Қаулысымен (2026 ж. 16 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 892-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 15-бабының 9) тармақшасына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 69-бабының 1-тармағына, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 2-тармағының 1-1) тармақшасына, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 11) тармақшасына, «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 3-тармағына, «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабының 1 және 3-тармақтарына, «Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

Добавить в список основных источников в Google