Все сервисы
Sauda
«Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 181 бұйрығы
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7586 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 12 мамырдағы № 231-235 (27309) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесінде:
2, 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Б. Имашев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Байланыс және ақпарат
агенттігінің төрағасы
А. Жұмағалиев
2014 жыл 23 мамыр
Әділет министрінің
2014 жылғы 26 мамырдағы
№ 181 бұйрығына 1-қосымша
Құқықтық кадастрдан ақпарат
ұсыну ережесіне 2-қосымша
Нысан
______________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органы)
Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы
анықтама
| № _________ | «___» __________ ___ жыл |
Берілді
_________________________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, жеке тұлғаның ЖСН;
_________________________________________________________________________________________________________
заңды тұлғаның атауы және БСН, өкілінің тегі, аты, әкесінің аты)
Демо – версия документа