Все сервисы
Sauda
Авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін кәбіл арқылы немесе эфирде жалпыға бірдей хабарлау құқығын беру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алуға арналған үлгілік конкурстық құжаттаманы бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 17 ақпандағы № 168 бұйрығы
Осы редакция 2026 жылғы 20 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін кәбіл арқылы немесе эфирде жалпыға бірдей хабарлау құқығын беру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алуға арналған қоса беріліп отырған үлгілік конкурстық құжаттама бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелуді;
2) осы бұйрықты оның ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
Е. Сарсембаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Әділет министрі
2026 жылғы 17 ақпандағы
№ 168 бұйрығымен
бекітілген
Бекітемін:
___________________________
___________________________
(Тапсырыс берушінің толық атауы
(бірыңғай ұйымдастырушы)
___________________________
___________________________
(конкурстық құжаттаманы
бекіткен тұлғаның Т.А.Ә.
(бар болса)
Шешім № ___ күні
Авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін кәбіл арқылы немесе эфирде жалпыға бірдей хабарлау құқығын беру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алуға арналған үлгілік конкурстық құжаттама
1-тарау. Жалпы ережелер

Добавить в список основных источников в Google