Все сервисы
Sauda
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 148-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін (бұдан әрі - Тізбе).
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағының тоғынызшы және оныншы абзацы, Тізбенің 2-тармағының тоғызыншы, оныншы, он үшінші, он төртінші, жиырма төртінші және жиырма бесінші абзацтары, Тізбенің 3-тармағының бесінші, алтыншы, жетінші, он екінші және он үшінші абзацтары, Тізбенің 4, 5 және 6-тармақтары, Тізбенің 7-тармағының жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он үшінші, он төртінші, он бесінші және он алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2026 жылғы 12 шілдеден бастап:
Тізбенің 2-тармағының сегізінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады:

Добавить в список основных источников в Google