Все сервисы
Sauda
Өнеркәсіп саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 208 бұйрығы
(2026.31.08. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Өнеркәсіптік саясат туралы» 6-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) өнеркәсіп саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған «Өнеркәсіпті олардың экономикалық көрсеткіштері бөлігінде мемлекеттік ынталандыру шараларын алған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері туралы мәліметтер» нысаны осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) өнеркәсіп саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған «Өнеркәсіпті олардың әлеуметтік көрсеткіштері бөлігінде мемлекеттік ынталандыру шараларын алған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері туралы мәліметтер» нысаны осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіптік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
К. Ускенбаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026.14.08. № 409 бұйрығымен 1-қосымша жаңа редакцияда (2026 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының
Индустрия және

Добавить в список основных источников в Google