Все сервисы
Sauda
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында орналасқан Ақпанкөл көлінің бір бөлігіне су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2026 жылғы 1 сәуірдегі № 55 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Су кодексінің 27, 85, 86-баптарына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 120-НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36238 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында орналасқан Ақпанкөл көлінің бір бөлігіне су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленсін.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында орналасқан Ақпанкөл көлінің бір бөлігіндегі су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі мен ерекше жағдайлары белгіленсін.
3. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Ақтөбе облысының әкімі | А. Шахаров |
«КЕЛІСІЛДІ»
«Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
бассейндік инспекциясы»
республикалық мемлекеттік мекемесі
2026 жылғы 1 сәуірдегі
№ 55 қаулысына
1-қосымша
Демо – версия документа