Все сервисы
Sauda
Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 877 Қаулысы
(2023.10.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2026 жылғы 12 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2023.19.10. № 928 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 10 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2013 жылғы 28 тамыздағы
№ 877 қаулысымен
бекітілген
Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу
қағидалары
1. Осы Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу тәртібін белгілейді.
2. Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен сақтандырылған мүлікті қоспағанда, терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу көрсетілген тұлғаларға (бұдан әрі - мүлік иелері) тиесілі жоғалған немесе бүлінген мүліктің құнын төлеу арқылы жүргізіледі.

Добавить в список основных источников в Google