Все сервисы
Sauda
«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды, мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 409 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2026 жылғы 19 тамыздағы № 217 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды, мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 409 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15553 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 2-тармағына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:».
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Көлік министрі |
Н. Сауранбаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
2026 жылғы 19 тамыздағы
№ 217 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы

Добавить в список основных источников в Google