Все сервисы
Sauda
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 Қаулысы
(2026.04.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы Қаулыға өзгерістер енгізу туралы ҚР Үкіметінің 2026 жылғы 12 маусымдағы № 493 Қаулысын қараңыз (2026 ж. 27 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарына сәйкес 2022 жылғы 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 15-тармағының 248), 249) және 250) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 2 маусымдағы
№ 357 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы
ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2025.13.08. № 616 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 26 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Добавить в список основных источников в Google