Все сервисы
Sauda
Режимдік аумақтардың аймақтарын және оларға іргелес жатқан аумақтарды пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 12 наурыздағы № 166 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 89-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Режимдік аумақтардың аймақтарын және оларға іргелес жатқан аумақтарды пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Үкіметінің
2026 жылғы 12 наурыздағы
№ 166 қаулысымен
бекітілген
Режимдік аумақтардың аймақтарын және оларға іргелес жатқан аумақтарды пайдалану
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Режимдік аумақтардың аймақтарын және оларға іргелес жатқан аумақтарды пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 89-бабының 2-тармағына, мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес әзірленді және режимдiк аумақтардың аймақтарын және оларға іргелес жатқан аумақтарды пайдалану тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) күзетілетін объектілер - күзетілетін адамдардың болуына арналған ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күзететін өзге де ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар, сондай-ақ оларға іргелес жатқан аумақ пен су айдыны;
2) қорғаныс объектілері - Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың мемлекеттік мекемелеріне жедел басқару құқығымен бекітіп берілген жылжымайтын мүлік;
3) мемлекеттік күзетілетін маңызды объектiлер - ішкі істер органдары және Ұлттық ұлан күзететін объектілер;
Документ не введен в действие
Демо – версия документа