Все сервисы
Sauda
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 252 бұйрығы
(2026.13.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2022.31.05. № 173 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024.21.06. № 213 бұйрығымен (2024 ж. 7 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 2-5) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2026.29.10. № 380 бұйрығымен алып тасталды (2026 ж. 13 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2026.29.10. № 380 бұйрығымен алып тасталды (2026 ж. 13 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

Добавить в список основных источников в Google