Все сервисы
Sauda
«Халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын байланыс және электр беру арналарының, желілерінің, мұнай құбырларының, газ құбырларының, су құбырларының және теміржолдардың, басқа да инженерлік желілердің, коммуникациялардың кесіп өтуін жобалау үшін, сондай-ақ кiрме жолдарды және халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына жалғасатын жолдарды салу үшін техникалық шартты беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 292 бұйрығы
(2026.03.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Көлік министрінің 2026.17.07. № 183 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 3 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын байланыс және электр беру арналарының, желілерінің, мұнай құбырларының, газ құбырларының, су құбырларының және теміржолдардың, басқа да инженерлік желілердің, коммуникациялардың кесіп өтуін жобалау үшін, сондай-ақ кiрме жолдарды және халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына жалғасатын жолдарды салу үшін техникалық шартты беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

Добавить в список основных источников в Google