Все сервисы
Sauda
«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 12 маусымдағы № 495 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 110-9), 110-10), 110-11) және 110-12) тармақшалармен толықтырылсын:
«110-9) мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
110-10) мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
110-11) мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
110-12) дене шынықтыру мен спорттың цифрлық платформасын қалыптастыру мен жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
1-тармақтың тоғызыншы - жиырма тоғызыншы абзацтары 2026 ж. 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
117) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«117) турагенттік қызметтің, гид, экскурсия жүргізуші және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысандарын бекітеді;»;
120) тармақша алып тасталсын;
121) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«121) Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялау қағидаларын, сондай-ақ туристік өнімге қойылатын талаптарды бекітеді;»;
122) тармақша алып тасталсын;
123), 124), 125), 126), 127) және 128) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«123) әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығынын субсидиялаудың қағидалары мен мөлшерін, субсидиялауға қойылатын талаптарды бекітеді;

Добавить в список основных источников в Google