Все сервисы
Sauda
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2026 жылғы 15 шілдедегі № 479 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы |
Е. Биржанов |
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 15 шілдедегі
№ 479 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының
тізбесі
1. «Ұлттық әл-ауқат қорының сатып алуын бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметті қоспағанда, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүзеге асыратын бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1252 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25489 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

Добавить в список основных источников в Google