Все сервисы
Sauda
Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздігін, оның ішінде киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 53 Қаулысы
(2026.15.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026.30.10. № 153 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 2 және 10-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026.30.10. № 153 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздігін, оның ішінде киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы қаулысының және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы қаулысының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы кейбір қаулыларының жекелеген құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Ақпараттық және киберқауіпсіздік департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

Добавить в список основных источников в Google