Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 382 бұйрығы
(2026.17.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы:
ҚР Көлік министрінің 2026 жылғы 13 шілдедегі № 179 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі);
ҚР Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 28 шілдедегі № 195 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 4 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020.29.04. № 247 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Көлік министрінің м.а. 2024.04.12. № 396 бұйрығымен (2024 ж. 21 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Көлік министрінің 2026.11.06. № 144 бұйрығымен (2026 ж. 17 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 81-бабының 3-тармағына және «Мемлекеттік және әлеуметтік маңызы бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидалары бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) «Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға қойылатын талаптар тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 432 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6587 болып тіркелген; «Егемен Қазақстан» газетінің 2010 жылы 9 қараша № 461-468 (26311) жарияланған);