Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 23 қарашадағы № 1749 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 29.12.03 ж. № 1342; 20.07.04 ж. № 775; 15.10.04 ж. № 1059
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 15 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеуді реттеу мақсатында және әкімшілік-аумақтық құрылыстың өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 29.12.03 ж. № 1342; 20.07.04 ж. № 775 (бұр. ред. қара); 15.10.04 ж. № 1059 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу Қазақстан Республикасының уақыт пен жиілік мемлекеттік алғашқы эталоны ұдайы жүргізетін, сақтайтын әрі беретін сағаттық белдеулердің халықаралық жүйесі бойынша жыл бойы тұрақты қолданылып келген уақыт белдеуі 1 сағатқа озық жүргізіледі деп белгіленсін.
ҚР Үкіметінің 20.07.04 ж. № 775 қаулысымен 2-тармақтың қолданысы Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау облыстары үшiн 2004 жылы "қысқы" уақытқа көшу кезiнде уақытша тоқтатылады
2. Қазақстан Республикасы аумағында сағат тілі жыл сайын наурыздың соңғы жексенбісінде сағат 2-де 1 сағат алға ("жазғы" уақыт) және қазанның соңғы жексенбісінде сағат 3-те 1 сағат кері қосымша жылжытылады деп белгіленсін.
ҚР Үкіметінің 20.07.04 ж. № 775 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)