Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасын) белгілеу ережесін бекіту
туралы Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және
бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының
2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 341-НҚ бұйрығы
(ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау ж/гі
агенттігінің 05.07.04 ж. № 299-НҚ бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция 2005 ж. 15 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 14-1-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 20 маусымдағы № 1141 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі туралы ереженің 11-тармағының 14) тармақшасына сәйкес, бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасын) белгілеу ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Темір жол көлігі мен порттар саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департаменті (М.А. Дәрібаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Әкімшілік және аумақтық жұмыстар департаменті (Б.Б.Досан) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін:

1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңда белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;

2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ж.Ж.Ертілесоваға жүктелсін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами