Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік
жәрдемақылар мен мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды тағайындау мен
төлеуді ұйымдастырудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрінің 2001 жылғы 25 наурыздағы № 17-ө бұйрығы
(ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
19.04.01 ж. № 71-б; 05.05.03 ж. № 92-ө; 2004.09.12. № 293-ө
бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 16 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық органдарын құру туралы" 2000 жылдың 28 желтоқсанындағы № 1920 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді ұйымдастырудың тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 1997 жылдың 9 желтоқсанындағы № 222-б "Зейнетақы төлемдері жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері жөніндегі әдістемелік нұсқаулар" бұйрығы;
2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің "Зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылуына, жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, және арнаулы мемлекеттік жәрдем ақыларды тағайындау және төлеу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" 1999 жылдың 12 сәуіріндегі № 59-б бұйрығы;