Сапа саласындағы конкурс туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 26 наурыздағы № 384 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 07.12.01 г. № 1593; 27.12.01 г. № 1727;
29.09.03 г. № 999; 04.11.04 г. № 1147 қаулыларымен енгізілген өзгерістерміен)
Осы редакция 2005 ж. 8 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары туралы" Үкіметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы № 367 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 27.12.01 ж. № 1727 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. 2001 жылдан бастап сапа саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйлығын алуға конкурстар және "Қазақстанның жақсы тауарлары" республикалық конкурсы жыл сайын ұйымдастырылсын.
2. Қосымшаға сәйкес құрамда сапа саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйлығын беру жөніндегі комиссия құрылсын.
3. Қоса беріліп отырған:
1) Сапа саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйлығын беру ережесі;
2) "Қазақстанның жақсы тауарлары" республикалық конкурсын өткізу ережесі;
3) Сапа саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
4. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті 2001 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімде Сапа саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйлығын алуға материалдарды ресімдеу, ұсыну және сараптау ережесін, Сапа саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйлығын алуға конкурсқа қатысушыларды бағалау ережесін, Өнімдерге сараптық бағалауды ұйымдастыру және жүргізу ережесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әзірлесін және бекітсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің