Қазақстан Республикасының жер қойнауын мемлекеттік сараптау туралы
ереженi бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
Қаулысы 1996 жылғы 18 қазан № 1288
Осы редакция 2005 ж. 29 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының жер қойнауын мемлекеттік сараптау туралы Ереже бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-министрi | А. Қажыгелдин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1996 жылғы 18 қазандағы № 1288 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасының жер қойнауын
мемлекеттік сараптау туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы - пайдалы қазба қорлары туралы, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану кезiнде оларды қолдану мүмкiндiгiне арналған жер қойнауының басқа қасиеттерi туралы ақпараттың кешендi сараптамасы.
2. Барланған кен орнының пайдалы қазба қорлары мемлекеттік сараптауға жатады, бұл жер қойнауын тиiмдi және кешендi түрде пайдалану, пайдалануға берілген жер қойнауларын пайдаланғаны үшiн төлем құны мен жер қойнауы учаскелерiнiң шекарасын белгiлеу үшiн жағдайлар жасау мақсатында жүргiзiледi.
3. Жер қойнауын пайдалану құқығы пайдалы қазба қорлары мемлекеттік сараптамадан өткiзiлгеннен кейiн берiледi. Барланған пайдалы қазба қорларын әзiрлеудiң экономикалық тиiмдiлiгi туралы мемлекеттік сараптама қорытындысы оларды мемлекеттік балансқа қою үшiн негiз болып табылады.
4. Мемлекеттік сараптамаға өндiруге байланысты емес, жер асты ғимараттарын салу және пайдалануға жарамды жер қойнауының учаскелерi туралы геологиялық ақпарат жатады. Жер қойнауының мұндай учаскелерiн жер қойнауын пайдалануға беруге геологиялық ақпаратқа мемлекеттік сараптау жүргiзгеннен кейiн ғана рұқсат етiледi.