Введите номер документа
Прайс-лист

Пестицидтерді (улы химикаттарды) сату жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 14 қазандағы № 596 бұйрығымен бекітілген ) (2006.20.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Информация о документе
Датапятница, 14 октября 2005
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 14 октября 2005

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2005 жылғы 14 қазандағы

№ 596 бұйрығымен бекітілген

Пестицидтерді (улы химикаттарды) сату
жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі

(2006.20.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы пестицидтерді (улы химикаттарды) сату жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Өсімдіктерді қорғау туралы" және "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарын іске асыру мақсатында әзірленген, пестицидтерді (улы химикаттарды) (бұдан әрі - пестицидтер) сату жөніндегі қызметті лицензиялау саласындағы заңнаманың қолданылуын регламенттейді және нақтылайды.

2. Осы Ережеде сату ұғымының астарында өсімдіктерді қорғауда қолдану үшін жеке және заңды тұлғаларға пестицидтерді сату түсініледі.

 

 

2. Лицензия беру тәртібі мен шарттары

 

 ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2006.20.01. № 29 Бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Пестицидтерді сату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беруді облыс әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы департаменттері және Астана мен Алматы қалалары әкімдіктерінің тиісті құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі - Лицензиарлар) жүзеге асырады.

Лицензия белгіленген үлгідегі бланкте қосымшасымен қоса беріледі. Қосымшада жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі - Лицензиаттар) сатуға құқы бар пестицидтер тізбесі көрсетіледі. Тиісті қосымшалары жоқ лицензия жарамсыз болып табылады.

4. Пестицидтерді сату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін Лицензиаттар Лицензиарға мына құжаттарды тапсырады:

1) 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандағы өтініш;

2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі және жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);

4) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымды төлегені туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі;

5) өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растаушы құжаттар.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами