«Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар портфелінің құрылымы және
екінші деңгейдегі банктердің басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар
туралы есептерді ұсыну нысандары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігінің 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 112 және Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармаларының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 53 бірлескен қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 14 Қаулысы
ҚР ҚҚА Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 130 қаулысымен күші жойылды
Екінші деңгейдегі банктердің есеп беру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
1. «Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар портфелінің құрылымы және екінші деңгейдегі банктердің басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есептерді ұсыну нысандары мен мерзімдерін бекіту туралы» Агенттігінің 2004 жылғы 12 сәуірдегі 112 және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармаларының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 53 бірлескен қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2856 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 29 қаңтардағы № 16 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3482 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы № 310 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3868 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сай редакцияда жазылсын.