Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын тапсыру, қабылдау және сақтау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы
комитеті төрайымының 2006 жылғы 30 қаңтардағы № 1-н.қ. Бұйрығы
ҚР Әділет министрінің 2010 жылғы 14 қазандағы № 279 Бұйрығымен күші жойылды
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Зияткерлік меншік құқығы комитеті туралы ереженің 4-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын тапсыру, қабылдау және сақтау ережесі бекітілсін.
2. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласында мемлекеттік саясатты іске асыру басқармасы осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрайымының орынбасары Б.Қ. Әлиғожинға жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің Зияткерлік
меншік құқығы комитеті төрайымының
2006 жылғы 30 қаңтардағы
№ 1-н.қ. бұйрығымен
Бекітілген
Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын тапсыру,
қабылдау және сақтау
ЕРЕЖЕСІ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы ереже Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңына сәйкес (бұдан әрі - Заң) жасалған, жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын тапсыру, қабылдау және сақтау тәртібін реттейді және белгілейді.
2. Осы ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) автор - шығармашылық еңбегімен туынды жасаған жеке тұлға;
2) авторлық құқық - автордың мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары;