Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын тапсыру, қабылдау және сақтау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 14 қазандағы № 279 бұйрығы
(2015.17.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Әділет министрінің м.а. 2018 жылғы 25 тамыздағы № 1302 бұйрығымен күші жойылды
«Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, сондай-ақ «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын тапсыру, қабылдау және сақтау ережесі бекітілсін.
2. «Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын тапсыру, қабылдау және сақтау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының 2006 жылғы 30 қаңтардағы № 1-НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4073 тіркелген, 2006 жылғы 17 ақпанда № 28-29 (835) жарияланған «Заң газетінде»)) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрық бірінші ресми жариялаған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2010 жылғы 14 қазандағы
№ 279 бұйрығымен
бекітілген
Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын тапсыру, қабылдау және сақтау
ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрі - Заң) әзірленген, жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын тапсыру, қабылдау және сақтау тәртібін реттейді және белгілейді.
ҚР Әділет министрінің 2015.17.03. № 158 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы Ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) автор - шығармашылық еңбегімен ғылым, әдебиет, өнер туындысын жасаған жеке тұлға;