Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының
азаматтығына байланысты мәселелерді қарау туралы Нұсқаулықты
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
2002 ж. 23 тамыздағы № 556 бұйрығы
Осы редакция 2006 ж. 24 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау туралы Нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі көші-қон полициясы Департаментінің, Астана, Алматы қалалары ішкі істер Бас басқармасының, облыстардағы ішкі істер Бас Басқармасының - ішкі істер Басқармасының бастықтары:
1) осы Нұсқаулықты басшылыққа алсын, көші-қон полициясы жеке құрамының оны оқып - үйренуін ұйымдастырсын және оның талаптарын бұлжытпай орындауын қамтамасыз етсін;
2) қалалық, аудандық ішкі істер органдарына тұратын жері бойынша өтініш берушілерді, оларға тиісті сауалнама - өтініштер бланкілерін беруді, Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелер жөнінде материалдарды қарау және тіркеуге қабылдауды тапсырсын. Өтініш беруші және оның барлық жақын туыстары туралы қажетті мәліметтерді алуды қамтамасыз етсін және көрсетілген материалдарды бағыныстылығы бойынша облыстық ішкі істер басқармаларына жіберсін;
3) облыс орталықтарында және Астана, Алматы қалаларында тұратын адамдардан құжаттар қабылдауды өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша тікелей көші-қон полициясында жүргізсін;
4) сауалнама - өтініштердің, анықтамалардың және журналдардың бланкілерін әзірлеуді қамтамасыз етсін (Нұсқаулыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8-қосымшалар).