Введите номер документа
Прайс-лист

«Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 мамырдағы № 437 Қаулысы (2014.28.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 22 мая 2006
Статус
Утратил силу
утратил силу с 10 августа 2015

Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 мамырдағы № 437 Қаулысы

(2014.28.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 542 Қаулысымен күші жойылды

 

ҚР Үкіметінің 2012.29.06. № 883 Қаулысымен тықырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2012.29.06. № 883 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 22 мамырдағы

№ 437 қаулысымен

бекітілген

 

 

ҚР Үкіметінің 2012.29.06. № 883 Қаулысымен тықырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

ҚР Үкіметінің 2012.29.06. № 883 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Осы Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын (бұдан әрі - инспекторлар) аттестаттау өткізу тәртібін белгілейді.

ҚР Үкіметінің 2012.29.06. № 883 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) мемлекеттік құрылыс инспекторлары, бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары, бас мемлекеттік құрылыс инспекторларының орынбасарлары және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік құрылыс инспекторлары аттестаттауға жатады.

ҚР Үкіметінің 2012.29.06. № 883 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары - объектілер құрылысының барысына және сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын уәкілетті органның басшысы;

2) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасарлары - объектілер құрылысының барысына және сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының орынбасарлары;

3) мемлекеттік құрылыс инспекторлары - лауазымдық міндеттеріне құрылыстарды жедел инспекциялау кіретін уәкілетті органның штаттағы қызметкерлері;

4) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары - объектілер құрылысының барысына және сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары;

5) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік құрылыс инспекторларының орынбасарлары - объектілер құрылысының барысына және сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары;

6) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік құрылыс инспекторлары - лауазымдық міндеттеріне құрылыстарды жедел инспекциялау кіретін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің штаттағы қызметкерлері.

ҚР Үкіметінің 2012.29.06. № 883 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.28.04. № 411 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда

4. Аттестаттау инспекторлардың құзыреттілігін, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді білуін анықтау, олар жүзеге асыратын жұмыстардың сапасын жақсарту, құрылыс саласында болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, жаңа талаптарды зерделеу мақсатында жүргізіледі және мынадай екі кезеңнен тұрады:

1) тестілеу;

2) әңгімелесу.

5. Инспекторлар қызметте болған әрбір кезекті үш жыл өткен сайын, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап кемінде алты ай өткеннен кейін аттестациядан өтеді.

Бұл ретте аттестаттау көрсетілген мерзім басталған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей өткізілуге тиіс.

6. Аттестаттау аттестациядан өтетін инспектордың өтініші бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде жүргізіледі.

 

 

2. Аттестаттау комиссиясы

 

ҚР Үкіметінің 2012.29.06. № 883 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.28.04. № 411 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Аттестаттау өткізу үшін уәкілетті орган басшысының бұйрығымен аттестаттау комиссиясы құрылады.

Аттестаттау комиссиясы комиссия төрағасынан, төрағаның орынбасарынан, мүшелері мен хатшысынан тұрады. Комиссия мүшелерінің саны бес адамнан кем болмауға тиіс.

Аттестаттау комиссиясының отырысында аттестатау комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда, оған аттестаттау комиссиясы төрағасының орынбасары төрағалық етеді.

Комиссияның хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және оның дауыс беру құқығы жоқ.

ҚР Үкіметінің 2012.29.06. № 883 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8. Уәкілетті органның басшысы белгілеген уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі аттестаттау комиссиясының жұмыс органы (бұдан әрі - жұмыс органы) болып табылады.

9. Уәкілетті органның басшысы жұмысшы органның ұсынысы бойынша аттестатталуға тиіс инспекторлардың тізімі бекітілетін, аттестация өткізудің мерзімі мен кестесі белгіленетін бұйрық шығарады.

Жұмысшы орган аттестациядан өтетін адамдар бойынша қажетті құжаттар дайындауды жүзеге асырады.

ҚР Үкіметінің 2012.29.06. № 883 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10. Аттестаттау комиссиясының құрамына уәкілетті орган басшысының орынбасарлары және уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары енгізіледі.

11. Өңірлік аттестаттау комиссиялары ведомстволық бағынысты аумақтағы мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестациядан өткізеді.

Өңірлік аттестаттау комиссиялары көшпелі аттестация өткізеді.

Өңірлік аттестаттау комиссияларының құрамы уәкілетті орган басшысының бұйрығымен белгіленеді.

ҚР Үкіметінің 2012.29.06. № 883 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

12. Аттестаттау комиссиясының отырысы комиссия құрамының кемінде үштен екісін құрайтын кворум болған кезде заңды болады.

13. Шешім аттестаттау комиссиясы мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде аттестаттау комиссиясы төрағасының даусы шешуші болып табылады.

ҚР Үкіметінің 2014.28.04. № 411 Қаулысымен 13-1-тармақпен толықтырылды

13-1. Егер, аттестаттау комиссиясының мүшесі аттестаттаудан өткен жағдайда, өзіне қатысты дауыс бере алмайды.

 

 

3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)

бас мемлекеттік құрылыс инспекторларын және мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестациядан өткізуді ұйымдастыру

 

ҚР Үкіметінің 2012.29.06. № 883 Қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

14. Жұмыс органы осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес аттестатталуға тиіс инспекторларды айқындайды және аттестатталуға тиіс инспекторлардың тізімін уәкілетті орган басшысына бекітуге ұсынады.

15. Жұмысшы орган аттестация өткізу басталғанға дейін кемінде бір ай бұрын аттестатталуға тиіс адамдарды оның өткізілу мерзімі туралы жазбаша хабардар етеді.

ҚР Үкіметінің 2012.29.06. № 883 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

16. Уәкілетті ұйымның кадр қызметі және уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері аттестаттау өткізуге дейін екі апта қалғанда аттестатталуға тиіс инспекторлар үшін мынадай құжаттарды дайындайды және жұмыс органына жібереді:

1) қызметтік мінездеме;

2) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ;

3) өмірбаян;

4) білімі туралы дипломның көшірмесі;

5) ғылыми дәрежесінің, атағының болуы, біліктілігін арттырғаны және т.б. туралы куәліктердің, сертификаттар мен куәліктердің (бар болса) көшірмелері.

ҚР Үкіметінің 2012.29.06. № 883 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.28.04. № 411 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 17-тармақ жаңа редакцияда

17. Қызметтік мінездеме аттестатталатын адамның кәсіптік, жек қасиеттері мен қызметтік іс-әрекеті нәтижелерінің бағасын қамтуға тиіс және оған:

1) Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасарлары үшін — уәкілетті органның басшысы;

2) аумақтық бөлімшелердің бас мемлекеттік құрылыс инспекторлар үшін — уәкілетті орган басшысының орынбасары;

3) бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары мен аумақтық бөлімшелерді мемлекеттік құрылыс инспекторларының орынбасарлары үшін - уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшелерінің басшылары;

4) уәкілетті органның мемлекеттік құрылыс инспекторлары үшін уәкілетті орган басшысының орынбасарлары;

5) аумақтық бөлімшелердің мемлекеттік құрылыс инспекторларының орынбасарлары үшін - уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшелерінің басшылары не олардың орынбасарлары қол қояды.

18. ҚР Үкіметінің 2012.29.06. № 883 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

19. Аттестатталатын адам аттестаттау комиссиясының отырысына дейін екі апта мерзім бұрын өзіне берілген қызметтік мінездемемен танысуға тиіс.

ҚР Үкіметінің 2014.28.04. № 411 Қаулысымен 20-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

20. Аттестатталатын адам өзіне берілген қызметтік мінездемеме келіспеген жағдайда, аттестаттау комиссиясының отырысына дейін екі аш қалғанда жұмыс органына өзін сипаттайтын қосымша ақпарат беру арқылы өзінің келіспейтіні туралы мәлімдеме жасай алады.

 

 

4-тарау. ҚР Үкіметінің 2012.29.06. № 883 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

 

ҚР Үкіметінің 2014.28.04. № 411 Қаулысымен 4-1-бөліммен толықтырылды

4-1. Тестілеу өткізу

 

20-1. Жұмыс органы тест сұрақтарын жасайды және оны уәкілетті органның басшысы бекітеді.

Тест сұрақтары жауаптар парақтарын толықтыру түрінде аттестатталатын адамның білім деңгейін бағалаған кезде пайдаланылады.

20-2. Тестілеу екі кезеңнен тұрады:

1) тестілеуге қатысушылардың тестіден өтуі;

2) нәтижелерді есептеу.

Тестілеу тестілеуге қатысушының өтініші бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде жүргізіледі.

20-3. Тестілеу кезінде қатысушылардың:

1) тестілеу аяқталғанға дейін үй-жайдан кетіп қалуына;

2) тестілеуге қатысушылармен сөйлесуіне және басқа да іс-қимылымен кедергі жасауына;

3) жеке электрондық құралдарды (оның ішінде компьютерді, ұялы телефонды) пайдалануына рұқсат етілмейді.

Жоғарыда көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда тестілеуге қатысушы тестілеу өткізіліп жатқан үй-жайдан шығарылады; осы адам үшін тестілеу өтпеді деп танылады және тестілеуге қатысушы әңгімелесуге жіберілмейді, бүл туралы аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасында көрсетіледі.

Осы адам аттестаттау комиссиясы белгілеген мерзімдерде, бірақ үш айдан ерте емес мерзімде қайта аттестаттаудан өтеді.

20-4. Тест тапсырмаларын орындауға берілген жалпы уақыт 90 минутты құрайды. Тест сауалнамалары 100 (жүз) сұрақтан тұрады.

Тесті орындау үшін бөлінген уақыт аяқталғаннан кейін материалдар аттестаттау комиссиясына ұсынылады.

20-5. Тестілеу нәтижесін санауды 3 (үш) сағаттан аспайтын уақыт ішінде дұрыс жауаптардың кодтарын пайдалана отырып, аттестатау комиссиясы жүргізеді.

20-6. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік инспекторларының орынбасарлары үшін шекті мән - кемінде 70 %; аттестаттауға жататын қалған санаттар үшін — кемінде 60 %, тестілеу нәтижесі есептеледі.

20-7. Тестілеуден өту кезінде шекті мәннен төмен баға алған тестілеуге қатысушы әңгімелесуге жіберілмейді.

Осы адам аттестаттау комиссиясы белгілеген мерзімдерде, бірақ үш айдан ерте емес мерзімде қайта тестілеуден өтеді.

20-8. Қайта тестілеуден өткен кезде тестілеуге қатысушы шекті мәннен төмен баға алса, онда аттестатау комиссиясы тестілеуге қатысушы атқаратын инспектор лауазымына сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды.

 

 

5. Аттестация өткізу

 

27. Аттестация аттестатталатын адамның қатысуымен өткізіледі.

28. Аттестаттау комиссиясы аттестатталатын адамға осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау парағын ресімдейді.

29. Аттестаттауға тиіс, бірақ дәлелді себептермен келмей қалған адам аттестаттау комиссиясы белгілеген мерзімде аттестаттау рәсімдерінен өтеді.

ҚР Үкіметінің 2014.28.04. № 411 Қаулысымен 30-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

30. Аттестаттау комиссиясы ұсынылған материалдарды зерделей, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аттестатталатын адамға тестілеу және әңгімелесуді жүргізе отырып, мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) аттестациядан өтті;

2) аттестатталған жоқ, қайта аттестаттауға жатады;

3) аттестатталған жоқ және инспектор атқаратын лауазымға сәйкес келмейді (тек қайта аттестатталған жағдайда).

ҚР Үкіметінің 2014.28.04. № 411 Қаулысымен 31-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

31. Аттестаттау комиссиясының шешімі оның отырысына қатысқан төраға, төрағаның орынбасары, аттестаттау комиссиясының мүшелері мен оның хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

32. Аттестатталатын адам аттестаттау комиссиясының шешімімен таныстырылуға тиіс.

33. Аттестаттау комиссиясының шешімі аттестация өткізілген күннен бастап бір ай мерзімде уәкілетті орган басшысының бұйрығымен бекітіледі.

34. Аттестаттау комиссиясының бекітілген шешімі аттестатталатын адамның аттестаттау парағына енгізіледі.

35. Аттестациядан өткен аттестатталатын адамның аттестаттау парағы жеке іс-қағазда сақталады.

36. Уәкілетті органның басшысы бекіткен аттестациядан өтпегені және инспектор атқаратын лауазымға сәйкес келмейтіні туралы шешім аттестатталатын адамды инспектор лауазымынан босату үшін негіз болып табылады.

ҚР Үкіметінің 2014.28.04. № 411 Қаулысымен 37-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

37. Аттестаттаудан өтпеген, бірақ қайта аттестаттауға жататын адам аттестаттау комиссиясы белгілеген мерзімде, бірақ кемінде үш ай өткеннен кейін аттестаттаудан қайта өтуі мүмкін.

 

 

6. Қорытынды ережелер

 

38. Аттестация өткізу кезінде туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.

 

 

ҚР Үкіметінің 2014.28.04. № 411 Қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды

жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс

инспекторларын аттестаттау қағидаларына

қосымша

 

 

Аттестаттау парағы

 

Аттестатталатын инспектор туралы ақпарат

Тегі, аты, әкесінің аты _________________________________________________________________________________

Туған күні және жері__________________________________________________________________________________

Білімі_______________________________________________________________________________________________

Лауазымы және тағайындалған күні_____________________________________________________________________

Жалпы еңбек ________________________________________________ өтілі (оның ішінде мемлекеттік сәулет-құрылыс

бақылау органдарында), оның ішінде осы лауазымда_______________________________________________________

Қосымша мәліметтер:

Аттестаттау нәтижелері туралы мәліметтер:

Қатысқан аттестаттау комиссиясы мүшелерінің саны________________________________________________________

Дауыс беру нәтижелері:

«Жақтағандар»________________________________________________________________________________________

«Қарсы»_____________________________________________________________________________________________

Қабылданған шешім: ___________________________________________________________________________________

(аттестаттаудан өтті; аттестатталған жоқ және қайта аттестаттауға жатады; аттестатталған жоқ және инспектор атқаратын лауазымға сәйкес келмейді)

Төраға /_______________________________________________________________________________________________/

Төрағаның орынбасары /________________________________________________________________________________/

Хатшы /______________________________________________________________________________________________/

Мүшелері /____________________________________________________________________________________________/

Қабылданған шешіммен таныстым________________________________________________________________________

(аттестатталатын адамның қолы және күні)

 

 

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом