«Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп беруді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 7 қазандағы № 357 Бұйрығы
Осы редакция 2006 ж. 7 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы, 5) және 9-4) тармақшаларына сәйкес және мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп беруді жасау және ұсыну тәртібін белгілеу үшін БҰЙЫРАМЫН:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп беруді жасау және ұсыну ережесі;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тауарларды, жұмыстар және көрсетілетін қызметтерді жүргізілген сатып алу туралы 1-ГЗ есеп берудің нысаны;
3) Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстар және көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы есеп берудің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алуды үйлестіру басқармасы (С.К.Ештаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін шараларды қолдасын және кейіннен заңдарда белгіленген тәртіп бойынша ресми бұқаралық хабарлама құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің вице-министрі А.К.Әмринге жүктелсін.
4. "Мемлекеттік сатып алудың мониторингі" ақпараттық жүйе бойынша мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді табыс етудің ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі Төрағасының 2003 жылғы 18 сәуірдегі № 56 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 2300 болып тіркелген) күші жойылған деп танылсын.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр
Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрінің
2005 жылғы 7 қазандағы
№ 357 бұйрығына 1-қосымша
Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша
есеп беруді жасау және ұсыну ережесі