Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға
арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, инвестициялық
портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған
пруденциалдық нормативтерді есептеу Ережелерін бекіту туралы Қазақстан
Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау жөнідегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 25
қыркүйектегі № 266 қаулысы
(2005.29.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 27 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.27.08 № 310 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред. қара)
Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздардың нарығы туралы" Заңының 3-бабының 2-тармағының 11), 15)-тармақшаларына, 49-бабына, Қазақстан Республикасының "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 9-бабының 1-тармағының 5), 6)- тармақшаларына сәйкес инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттік Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік) қаулы етеді:
1. Бағалы инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арнап "Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті" пруденциалдық нормативі белгіленсін.
Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентінің мәні күн сайын кем дегенде 1 құрауға тиіс.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.27.08 № 310 қаулысымен 2 тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред. қара)
2. Қоса беріліп отырған осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арнап пруденциалдық нормативтерді есептеу Ережелері бекітілсін.
3. Бұл қаулы Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынған күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
4. Стратегия және талдау Департаменті (Еденбаев Е.С.):