Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы
ереженi бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 127 қаулысы
(2006.25.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 27 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеудi жетiлдiру мақсатында және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) бекітілсiн.
2. Осы қаулы күшiне енген күннен бастап осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi жойылды деп танылсын.
ҚР ҰБ Басқармасының 26.12.03 ж. № 486 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) 2004 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi мерзiмде қаржылық тұрақтылық көрсеткiштерiн Ереженiң 2, 4 және 9-тармақтарында белгiленген талаптарға сәйкес келтiрсiн. Ереженің 5-тармағында белгіленген қаржылық тұрақтылық көрсеткішін 2004 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін;
2) осы қаулы күшiне енген күннен бастап үш айдың iшiнде бiр эмитенттiң мемлекеттік емес бағалы қағаздарына, екiншi деңгейдегi бiр банктегi салымдарға инвестициялардың және кассадағы ақша қалдығының мөлшерiн Ереженiң 10 және 12-тармақтарының талаптарына сәйкес келтiрсiн.
4. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын;