«Алматы қаласында қызметтің кейбір түрлерін лицензиялау туралы»
Алматы қаласы Әкімшілігінің 2005 жылғы 9 наурыздағы № 1/127 қаулысы
(2006.13.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Алматы қаласы Әкімдігінің 2007 жылғы 19 ақпандағы № 2/242 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 1995 жылғы 17 сәуірдегі «Лицензиялау туралы», 1998 жылғы 1 шілдедегі «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы», 2004 жылғы 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару мен бюджеттік қарым-қатынастар деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді шектеу мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» № 13-III Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» Заңын жүзеге асыру туралы» № 1894 Қаулысына сәйкес, Алматы қаласының Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әрекет етуші заңнамаларға сәйкес Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының қызметтің кейбір түрлеріне 1-қосымшаға сәйкес лицензиялауды жүзеге асыратындығы назарға алынсын.
2. Алматы қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментіне (бұдан әрі - Департамент) лицензия алуға арналған құжаттарды қабылдау мен қарау, Алматы қаласы әкімдігінің лицензиялау жөніндегі тиісті қаулыларын дайындау, лицензияларды тіркеу, есепке алу мен беру, лицензиялық бақылауды жүзеге асыру, лицензиялардың әрекетін тоқтату мен қайтарып алу жөніндегі құжаттарды дайындау мен рәсімдеу жөніндегі міндеттер жүктелсін. Департамент директорына әкімдік қаулысын орындау мақсатында берілетін лицензияға қол қою құқығы берілсін.
3. Қызметтің нақты түрлеріне лицензия алу үшін біліктілік талаптарына сәйкестікті тексеруді жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулылары 3-қосымшаға сәйкес күшін жойды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің бірінші орынбасары Қ.А. Бүкеновке жүктелсін.