Алматы қаласы Әкімдігінің 2004 жылғы 15 наурыздағы № 2/230 «Алматы қаласы
әкімдігінің жанындағы көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі
комиссия туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Алматы қаласы Әкімшілігінің 2005 жылғы 11 сәуірдегі № 2/198 қаулысы
Алматы қаласы әкімдігінің 2006.06.09. № 6/1078 қаулысымен күші жойылды
Жұмысты сипаттамасының өзгеруіне, сондай-ақ қаладан тысқары жерге көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның кейбір мүшелерінің кетуіне байланысты, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Алматы қаласы Әкімдігі қаулы етедi:
1. Алматы қаласы Әкімдігінің 2004 жылғы 15 наурыздағы № 2/230 «Алматы қаласы Әкімдігінің жанындағы көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі комиссия туралы» қаулысына, Алматы қаласы Әділет басқармасында 2004 жылғы 16 сәуірде № 591 тіркелген, 2004 жылғы 24 сәуірде «Вечерний Алматы» № 77-78 және 2004 жылғы 24 сәуірдегі «Алматы ақшамы» № 46 газеттерінде жарияланған мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы қаулының қосымшасы 1 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда берілсін.
2. Белгіленген заң тәртібінде Алматы қаласы Мәслихатының бекітуіне осы қаулының 1 қосымшасында көрсетілген қалалық комиссияның дербес құрамы берілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің бірінші орынбасары Заяц Я.И. жүктелсін.
Алматы қаласының Әкімі | И. Тасмағамбетов |
Әкімдік хатшысы | К. Тәжиева |