Инвестициялар мемлекеттік қолдауының кейбір мәселелерi туралы Қазақстан
Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөніндегі
комитеті төрағасының 2003 жылғы 18 наурыздағы № 18-п бұйрығы
(2006.20.07. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 3 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Инвестициялар туралы" Заңының 19-шы бабын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) инвестициялық преференцияларды беруiне өтiнiм нысаны (№ 1 Қосымша);
2) инвестициялық жоба бойынша бизнес-жоспар дайындау жөнiнде инструкция бекітілсiн (№ 2 Қосымша).
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Инвестициялық жобаға қойылатын талаптар" нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетi 1997 жылғы 28 наурыз № 3 (1997 жылғы 15 қазан, № 396);
2) "Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметтi жүзеге асырушы инвесторлармен келісім-шарт жасау кезiнде жеңiлдiктер мен пұрсаттылық беру рәсiмдерiн жетiлдiру туралы" Инвестициялар жөніндегі Қазақстан Республикасы агенттiгi төрағасының 2000 жылғы 14 сәуірдегі № 01/7 бұйрығы (2000 жылғы 27 сәуiр, № 1120);
3) "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттiгi Төрағасының 2000 жылғы 14 сәуірдегі № 01/7 бұйрығына қосымша енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі агенттiгi Төрағасының 2000 жылғы 22 мамырдағы № 01/31 бұйрығы (2000 жылғы 25 мамыр, № 1144);
4) "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттiгi Төрағасының 2000 жылғы 14 сәуірдегі № 01/7 "Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет көрсететiн инвесторлармен келісім-шарт жасасқанда берiлетiн жеңiлдiктер мен преференцияларды беру процесiн жетiлдiру туралы" бұйрығына өзгерту мен толықтыру енгізу туралы" Инвестициялар жөніндегі Қазақстан Республикасы агенттiгi Төрағасының 2000 жылғы 23 тамыздағы № 0-1/117 бұйрығы (2000 жылғы 13 қыркүйек, № 1242);