Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 12 ақпандағы № 2/191 Қаулысы
Алматы қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 3/665 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 24 қазандағы Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ-сессиясында берген тапсырмаларын орындау мақсатында Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы туралы Ереже бекітілсін.
3. Алматы қаласының әкімі Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының жеке құрамын заңмен белгіленген тәртіпте Алматы қаласы Мәслихатының бекітуіне жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Алматы қаласы әкімі | И. Тасмағамбетов |
Әкімдік хатшысы | К. Тәжиева |
Алматы қаласы әкімдігінің
2007 жылғы 12 ақпандағы № 2/191
қаулысына қосымша
Мемлекетік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі
жұмыс тобының
ҚҰРАМЫ
Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы | Алматы қаласының әкімі, төраға |
Сейдуманов Серік Тұрарұлы | Алматы қаласы әкімінің орынбасары, төрағаның орынбасары |
Матыжанов Кенжехан Ісләмжанұлы | Алматы қаласы Тілдерді дамыту баскармасының бастыгы, хатшы |
Жұмыс тобының мүшелері:
Баймұканов Нұрбол Болатұлы | Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры |
Балаева Аида Ғалымқызы | Алматы қаласы Ішкі саясат департаментінің директоры |
Есімбаева Гүлмира Естайбекқызы | Алматы қаласы Білім департаментінің директоры |
Егінбаев Нұржан Жанайдарұлы | Алматы қаласы Әділет департаментінің директоры (келісім бойынша) |
Елубай Смағұл Абатұлы | Жазушы, «Мемлекеттік тіл» қозғалысы төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша) |
Есболов Тілектес Исабайұлы | III сайланған Алматы қаласы мәслихатының депутаты (келісім бойынша) |
Қапалбеков Бижомарт Сейсенбекұлы | «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының директоры |