Облыстық «Асыл мұра» бағдарламасы туралы» 2001 жылғы 14 қыркүйектегі №136 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облыстық мәслихатының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 394 шешімі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Қостанай облыстық мәслихатының 2001 жылғы 14 қыркүйектегі № 136 «Облыстық «Асыл мұра» бағдарламасы туралы» шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
бағдарламаның тарауындағы «Облыстық «Асыл мұра» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Осы шешім қол қойылған сәттен күшіне енеді.
Сессия төрағасы, Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы | Т. Төлебаев |
КЕЛІСІЛДІ
«Қостанай облысының ішкі
саясат департаменті»
мемлекеттік мекемесінің директоры | _______________________ Т. Жақыпова |
«Қостанай облысының
білім департаменті»
мемлекеттік мекемесінің директоры | _______________________ Г. Шек |
«Қостанай облысының қаржы департаменті»
мемлекеттік мекемесінің директоры | _____________________ С. Аймұхамбетова |
«Қостанай облысының экономика және
бюджеттік жоспарлау департаменті»
мемлекеттік мекемесінің директоры | ____________________ М. Щеглова |
«Қостанай облысының тілдерді дамыту
жөніндегі басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің бастығы | _____________________ Ж. Үмбетов |
Қостанай облыстық мәслихатының
2007 жылғы 9 қантардағы № 394
шешіміне қосымша
Облыстық «Асыл мұра» бағдарламасын
іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
№ | Іс-шаралар атауы | Аяқталу нысаны | Орындауға жауаптылар | Орындалу мерзімі | Болжалған шығыстар мың. тг. | Қаржыландыру көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. Нормативтік-құқтық қамтамасыз ету |
1 | Тілдерді қолдану және дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру іс-шараларының қысқа мерзімді жоспарын әзірлеу | Қостанай облысы әкімдігінің қаулысы | «Қостанай облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі | 2008 жылдың 4 тоқсаны | Талап етпейді | |
2. Мемлекеттік басқару және іс қағаздарын жүргізу саласында тілдерді қолдану |