Қызылорда облысы бойынша мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Қызылорда облыстық Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 245 шешімі
(2007.02.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Қоса беріліп отырған «Қызылорда облысы бойынша мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы» туралы.
Облыстық Мәслихаттың
ХХІ сессиясының төрағасы
2005 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 245 шешіммен
БЕКІТІЛГЕН
Қызылорда облыстық Мәслихаттың 2007.02.03. № 358 шешімімен бағдарлама өзгертілді
Қызылорда облысы бойынша мүгедектерді
оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған
БАҒДАРЛАМАСЫ
Қызылорда қаласы
Бағдарламаның төлқұжаты
| Бағдарламаның атауы | Қызылорда облысы бойынша мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) |
| Әзірлеу үшін негіз | Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына 2004 жылғы 19 наурыздағы Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін»атты Жолдауы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы № 1241 қаулысымен бекітілген 2005-2007 жылдарда Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды тереңдету мақсатындағы іс-шаралар жоспарының 3.2. тармағы |
| Жауапты орындаушы | Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті |
| Бағдарламаның мақсаты | Мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіру, әлеуметтік жағынан қолдауды күшейту және олардың тіршілік жағдайын жақсарту |