2007 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы
ставкаларын белгілеу туралы
Атырау облыстық мәслихатының 2007 жылғы 11 сәуірдегі
№ 394-ІІІ шешімі
Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 462 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 Экологиялық Кодексінің 19 бабына және Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2006 жылғы 4 қазандағы № 295-ө бұйрығына сәйкес, ІІІ-сайланған облыстық мәслихат кезекті XXIV сессиясында шешім етті:
1. 2007 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары төмендегі қосымшаларға сәйкес белгіленсін:
1) тұрақты көздерден атмосфералық ауаға шығарылған ластағыш заттар эмиссиясы үшін төлемақысы (1 қосымша);
2) жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға шығарылған ластағыш заттар эмиссиясы үшін төлемақысы (2 қосымша);
3) су объектілеріне, сүзгілеу алаңдарына, жер бедеріне, жинақтағыштарға, жер қойнауына ластағыш заттарды тастағаны үшін эмиссия төлемақысы (3 қосымша);
4) улылық сыныптарына қарай өндірістік және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны, сақтағаны (көмгені) үшін эмиссия төлемақысы (4 қосымша);
5) атмосфералық ауаны жылулықпен ластағаны үшін аймақтық төлемақысы (5 қосымша).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (М. Шырдабаев).
3. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енеді.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың XXIV
сессиясының төрайымы,