2007-2008 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырыстарын бекіту туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 18 шілдедегі № А-7/256 қаулысы
Ақмола облысы әкімдігінің 2008.24.07. № А-5/306 қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2007-2008 оқу жылында Ақмола облысының мемлекеттік білім беру мекемелерінде бастауыш кәсіптік білімі бар білікті мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін (1-қосымша).
2. 2007-2008 оқу жылында Ақмола облысы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарында орта кәсіптік білімі бар білікті мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін (2-қосымша).
3. «Ақмола облысының білім департаменті» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша орта кәсіптік білім беру ұйымдарына оқуға түскен кездегі қабылдау квотасын қамтамасыз етсін.
4. «Мемлекеттік білім беру тапсырыстарын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 31 шілдедегі № А-7/260 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінің Ақмола аймақтық бөлімінде № 3195 болып тіркелген, 2006 жылғы 7 қазанда «Арқа ажары» және 2006 жылғы 17 тамызда «Акмолинская правда» газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
5. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.