2008-2009 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырыстарын бекіту туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 24 шілдедегі № А-5/306 қаулысы
(2009.28.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 9 шілдедегі № А-8/293 қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 1-қосымшаға сәйкес Ақмола облысы мемлекеттік білім беру мекемелерінде 2008-2009 оқу жылына арналған бастауыш кәсіптік білімі бар білікті кадрларды даярлауға мемлекеттік білім берудің тапсырысы бекітілсін.
2. 2-қосымшаға сәйкес Ақмола облысы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарында 2008-2009 оқу жылына арналған орта кәсіптік білімі бар білікті мамандарды даярлауға мемлекеттік білім берудің тапсырысы бекітілсін.
3. «Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша орта кәсіптік білім беру ұйымдарына оқуға түскен кезде қабылдау квотасын қарастырсын.
4. «2007-2008 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырыстарын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 18 шілдедегі № А-7/256 қаулысының (Мемлекеттік тіркеу тізілімінің Ақмола аймақтық бөлімінде № 3231 болып тіркелген, 2007 жылғы 11 тамызда «Арқа ажары» және 2007 жылғы 21 тамызда «Акмолинская правда» газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғ.М. Бекмағамбетовке жүктелсін.
6. Осы қаулы Ақмола облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № А-1/23 қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Ақмола облысы әкімдігінің
2008 жылғы 24.07.
№ а-5/306 қаулысына
1-қосымша
Ақмола облысы мемлекеттік білім беру мекемелерінде 2008-2009 оқу жылына арналған бастауыш кәсіптік білімі бар білікті кадрларды даярлауға мемлекеттік білім берудің тапсырысы