2009-2010 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырыстарын бекіту туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 9 шілдедегі № А-8/293 қаулысы
(2009.03.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 1-қосымшаға сәйкес Ақмола облысының мемлекеттік білім беру мекемелерінде 2009-2010 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік білімі бар білікті кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. 2-қосымшаға сәйкес Ақмола облысының мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарында 2009-2010 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік білімі бар білікті мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
3. «Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген орта техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасын алдын ала қарастырсын.
4. Ақмола облысы әкімдігі қаулыларының күші жойылған деп танылсын:
«2008-2009 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырыстарын бекіту туралы» 2008 жылғы 24 шілдедегі № А-5/306 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3263 болып тіркелген, 2008 жылғы 23 тамызда «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде жарияланған);
2009 жылғы 28 қаңтардағы № А-1/23 «2008-2009 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырыстарын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 24 шілдедегі № А-5/306 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3309 болып тіркелген, 2009 жылғы 17 наурыздағы «Арқа ажары» № 36 және 2009 жылғы 17 наурыздағы «Акмолинская правда» № 32 газеттерінде жарияланған).
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғ.М. Бекмағамбетовке жүктелсін.
6. Осы қаулы Ақмола облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.