«2008-2009 оқу жылына мемлекетік білім беру тапсырыстарын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 24 шілдедегі № А-5/306 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № А-1/23 қаулысы
Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 9 шілдедегі № А-8/293 қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Ақмола облысы мемлекеттік білім беру мекемелерінде 2008-2009 оқу жылына арналған бастауыш кәсіптік білімі бар білікті мамандарды даярлауға мемлекеттік білім берудің тапсырысын игеру мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2008-2009 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырыстарын бекіту туралы» 2008 жылғы 24 шілдедегі № А-5/306 Ақмола облысы әкімдігінің қаулысына (нормативтік құқықтық актілерінің Аймақтық мемлекеттік тіркеу Тізімінде № 3263 болып тіркелген, 2008 жылғы 23 тамызда «Арқа ажары» газетінде, 2008 жылғы 23 тамызда «Акмолинская правда» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Ақмола облысы мемлекеттік білім беру мекемелерінде 2008-2009 оқу жылына арналған бастауыш кәсіптік білімі бар білікті мамандарды даярлауға мемлекеттік білім берудің тапсырысында аталған қаулының 1-қосымшасына сәйкес:
кестеде:
«№ 1 кәсіптік лицейі» ММ бөлімінде: