Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің Ережесі мен мөлшерін бекіту туралы
Қызылорда облысы әкімдігінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 165 қаулысы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы және «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшері 9 айлық есептік көрсеткіш болып бекітілсін.
3. «Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін материалдық көмектің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімиятының 2002 жылғы 18 наурыздағы № 190 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1703 нөмірімен тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Қызылорда облысы әкімдігінің
2007 жылғы 28 маусымдағы
№ 165 қаулысымен бекітілген
қосымша
Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға
көрсетілетін әлеуметтік көмектің
Ережесі
1. Жалпы ереже
1. Осы Ереже мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) тағайындау және төлеу тәртібін белгілейді.
2. Осы мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің Ережесінде (бұдан әрі - Ереже) мынадай ұғымдар қолданылады:
мүгедек бала - тіршілік - тынысының шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден ағза функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегіз жасқа толмаған тұлға;