«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салалық реттеуіштер қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 22 тамыздағы № 231-ө Өкімі
(2007.28.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салалық реттеуіштер қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілер қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
| Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2007 жылғы 22 тамыздағы
231-ө өкімімен
Бекітілген
ҚР Премьер-Министрінің 2007.28.10. № 313-ө Өкімімен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
салалық реттеуіштер қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының
2007 жылғы 27 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында
қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
| Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Аяқталу нысаны | Жауапты орындаушы | Орындау мерзімі |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1 | Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелері | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ТМРА | 2007 жылғы тамыз |
| 2 | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің мәселелері | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АБА | 2007 жылғы тамыз |
| 3 | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1105 қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭМРМ | 2007 жылғы тамыз |
| 4 | ҚР Премьер-Министрінің 2007.28.10. № 313-ө Өкімімен алынып тасталды (бұр.ред.қара) |
| 5 | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулы- сына өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ИСМ | 2007 жылғы тамыз |
| 6 | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 қазандағы № 996 қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АБА | 2007 жылғы тамыз |
| 7 | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 тамыздағы № 884 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 қаңтардағы № 28 қаулысы- ның күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АБА | 2007 жылғы тамыз |
| 8 | Бағаларын мемлекет реттейтін тауарлардың (жұмыстардың, қызмет- тердің) номенклатурасын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ИСМ (жинақтау) ТМРА | 2007 жылғы тамыз |
| 9 | Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатураға қамтылған тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) баға белгілеу ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ТМРА | 2007 жылғы тамыз |
| 10 | Темір жол көлігі, электр- және жылу энергетика, мұнай, мұнай өнімдері мен газ тасымалдау, азаматтық авиация, порттар, телекоммуника- циялар және почта байланысы саласындағы тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) баға белгілеу ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ТМРА (жинақтау)АБА | 2007 жылғы тамыз |
| 11 | Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъекті- лерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ТМРА | 2007 жылғы тамыз |
| 12 | Жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар болып табылатын табиғи монопо- лиялар субъектілерінің және олармен аффилирлен- ген тұлғалардың әкімшілік персоналының басқарушы қызметкерлеріне еңбек ақы төлеудің штаттық кестесін және шекті деңгейін келісу ережесін бекіту туралы | ТМРА бұйрығы | ТМРА | 2007 жылғы тамыз |
| 13 | Қазақстан Республикасында электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықтарын ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу ережесін бекіту туралы | ТМРА бұйрығы | ТМРА (жинақтау) ЭМРМ | 2007 жылғы тамыз |
| 14 | Қазақстан Республикасының Энергетика және минерал- дық ресурстар министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 10 қыркүйек- тегі № 212 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы | ЭМРМ бұйрығы | ЭМРМ | 2007 жылғы тамыз |
| 15 | Электр энергиясының бөлшек нарығына қол жеткізу ережесін бекіту туралы | ТМРА бұйрығы | ТМРА (жинақтау) ЭМРМ | 2007 жылғы тамыз |
| 16 | Қазақстан Республикасы Энергетика және минерал- дық ресурстар министрінің 2004 жылғы 30 қыркүйек- тегі № 232 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы | ЭМРМ бұйрығы | ЭМРМ | 2007 жылғы тамыз |
| 17 | Тауар нарықтары субъекті- лерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында тиісті тауар нарықтарына мемлекеттік органдардың, нарық субъектілерінің және олардың бірлестік- терінің олардың талдау жүргізуі үшін реттеуші органға деректер ұсыну нысандарын бекіту туралы | ТМРА бұйрығы | ТМРА | 2007 жылғы тамыз |
| 18 | Тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаларды алдағы көтеру туралы реттеуші органды хабардар ету ережесін бекіту туралы | ТМРА бұйрығы | ТМРА | 2007 жылғы тамыз |
| 19 | Тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаны алдағы көтеру туралы тиісті тауар нарығындағы үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің Мемлекеттік тізіліміне енгізілген нарық субъектілерінің монополияға қарсы органды хабардар ету ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының 2006 жылғы 7 қарашадағы № 251-НҚ бұйрығының күші жойылды деп танылсын | ИСМ БҚК бұйрығы | ИСМ БҚК | 2007 жылғы тамыз |
| 20 | Кірме жолдардың магистральдық және станциялық жолдарға жалғасуына рұқсат беру ережесін бекіту туралы | ТМРА бұйрығы | ТМРА (жинақтау) ККМ | 2007 жылғы тамыз |
| 21 | Телекоммуникациялардың әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді бекіту туралы | АБА бұйрығы | АБА | 2007 жылғы тамыз |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
ИСМ БҚК - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті