Электр энергиясының бөлшек сауда рыногын ұйымдастыру және жұмыс істеу, сондай-ақ осы рынокқа қызметтер көрсетудің Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі № 232 бұйрығы
(2009.14.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 124 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2007.03.12. № 271 Бұйрығымен тақырыбы өзгертілді (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында бұйырамын:
ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2007.03.12. № 271 Бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясының бөлшек сауда рыногын ұйымдастыру және жұмыс істеу, сондай-ақ осы рынокқа қызметтер көрсетудің Ережесі бекітілсін.
2. Электр энергетикасы және қатты отын департаменті (Н.Б.Бертісбаев) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі Б.Е. Оразбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық жоғарыда көрсетілген Ережемен белгіленген мынадай нормаларды:
2005 жылдың 1 сәуірінен бастап қолданысқа енгізілетін 54-тармақты;
2005 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілетін 63-тармақтың 2) тармақшасын;
2005 жылдың 1 қазанынан бастап қолданысқа енгізілетін 58-тармақтың 2) және 3) тармақшаларын, 70-тармақтың 1) және 2) тармақшаларын;
2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін 70-тармақтың 6) тармақшасын қоспағанда, мемлекеттік тіркелу күнінен бастап күшіне енеді.
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасының
Табиғи монополияларды реттеу